{metadescription}
Назарбаев Nur Otan партиясының жиынын ашты

Назарбаев Nur Otan партиясының жиынын ашты

Елордада Елбасы Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. 

Жиынды еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

«Өмір бір бір орында тұрмайды, барлығы өзгереді. Бүгінгі күні бүкіл әлемде саяси партиялар жаңа міндеттерге тап болып отыр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей тұрақсыздық кезеңінде алға жылжу үшін жетекші саяси күш ішінде, жалпы қоғамда бірлік болуы керек. Онсыз үлкен мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Жаңа саяси жағдайларда партия рөлі арта түсуде. Бүгін кеңейтілген отырысымызда партия алдында тұрған міндеттерді талқылауды және алдағы қадамдарымызды бекітуді ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралатынын айтты. Бірінші мәселе – партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы, екінші мәселе – партияны жаңғырту, үшінші мәселе – саяси кеңес бюро құрамына өзгерістер енгізу.

«Біз ел дамуының негізгі бағыттары бойынша біраз мәселе жөнінде сөз көтеретін боламыз. Бүгін партия мүшелерінің қатысуымен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Үкімет мүшелері, партияның мәжілістегі фракциясы, облыстардан қатысып отырған филиал жетекшілері бар. Биыл партиямыз еліміз үшін ауқымды жұмыс атқарғанын біз білеміз. Екі съезд өткіздік, партиямыздың 20 жылдығын атап өттік. Маусым айында президент сайлауында біздің кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті. Халық біздің жұмысымыздың нәтижесін, тәуелсіздік жылдары жасаған барлық ісімізді, яғни шешімдерді, заңдарды, әрекеттерді көріп отыр. Барлығы біздің партияның қатысуымен болды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.