{metadescription}
Елордада ер адам жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасады

Елордада ер адам жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасады

Елордалық полицейлер жедел жәрдем бридагасына шабуыл жасаған ер адамды ұстады.

«21 тамыз күні сағат 03.20 шамасында жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға бара жатып, жолда жатқан адамды байқаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетпек болғанда, ер адам оларды бас салған. Өзін агрессивті түрде ұстап, жүргізушіні бірнеше рет ұрып жіберген. Сондай-ақ, дәрігерлер бригадасына шабуыл жасамақ болып, жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген», - делінген хабарламада.

Шұғыл түрде жеткен полиция жасағы ер адамды ұстап, «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына жеткізді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 28 жастағы азамат мас күйінде болған. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.