{metadescription}
79 қылмыс жасаған өскемендік әйел ұсталды

79 қылмыс жасаған өскемендік әйел ұсталды

Бұған дейін 78 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел бұл жолғы кінәсін де мойындап отыр.

Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері 79 қылмыс жасаған әйелді ұстады. 37 жастағы әйел соңғы қылмысын 14 тамыз күні жасады. 27 жастағы тұрғынның автокөлігінің жүк салғышынан  көлік саймандарын ұрлап кеткен.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықтап, қолға түсірді. Бұған дейін 78 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел бұл жолғы кінәсін де мойындап отыр. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: Altaynews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.