{metadescription}
Пойыз билетін сатып алу және қайтару тәртібі өзгерді

Пойыз билетін сатып алу және қайтару тәртібі өзгерді

Биыл 28 тамыздан бастап жолаушылар тасымалы туралы ережеге енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Жолаушыға пойызбен жол жүрмей, билетті қайтарып бергені үшін мың теңге көлемінде айыппұл салынбайды. Жаңа ереже бір аптадан кейін күшіне енеді. Алайда бұрынғы тарифтер сақталады, яғни билет бір тәулік бұрын қайтарылса, толық ақшасы беріледі. Бір тәуліктен аз уақыт қалған жағдайда плацкарттың құны ұсталады.

Енді барлық топтағы мүгедек азаматтар әлеуметтік маңызы бар бағыттарға билет алса, 50 проценттік жеңілдікке ие болады. Бұрын ондай жеңілдік I топтағы мүгедектерге ғана берілген. Ал 28 тамыздан бастап II және III топтағы мүгедектер де билеттің жарты бағасын төлейтін болады. Коммерциялық бағыттар бойынша жеңілдік беруді тасымалдаушылардың өздері шешеді. Оған көбінесе "Тальго" пойыздары жатады. Қалған бағыттарға 50 проценттік жеңілдік жүреді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.