{metadescription}
Ақмолалық тұрғын 83 жастағы кейуананы тонап кетті

Ақмолалық тұрғын 83 жастағы кейуананы тонап кетті

Ақмола облысының Ақкөл ауданында 83 жастағы кейуананы тонап кеткен бұзақы ұсталды.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, 2019 жылдың 19 тамызында Ақкөл аудандық полиция бөліміне Новорыбинка ауылында тұратын 83 жастағы қарт әйелге қарсы бұзақылық жасалғаны туралы хабарлама түскен. Қылмыс таңғы төртте тіркелген.

Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмыс орын алған уақытта белгісіз азамат қара бетпердеде болғанын анықтаған. Ол үйге кірген бетте әжейді жерге жатқызып, аяқ-қолын скотчпен байлап тастапты. Осылайша, қарақшы жәбірленушінің 75 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы полицейлер 44 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің «тонау» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.