{metadescription}
Ер адам марқұм қызына берген уәдені орындап, 90 килограмға арықтаған

Ер адам марқұм қызына берген уәдені орындап, 90 килограмға арықтаған

Уэльс қаласының тұрғыны қызының өлер алдында айтқан соңғы өтінішін орындау үшін 90 килограмға арықтады. 

56 жастағы Майк Саммерстің қызы осыдан үш жыл бұрын кеуде рагынан көз жұмған. 

«Соңғы рет сөйлескенімізде ол маған күйеу балама балаларды өсіруге көмектесуімді сұрады», - дейді ол. 

Осы кезде Саммерстің салмағы 170 килограмм еді. Сондай-ақ, ол жүрек пен өкпе созылмалы ауруларына шалдыққан. 

«Қызымды жоғалтқаннан кейін ғана маған бірнәрсе болса, басқалардың да өмірінің астаң-кестеңі шығатынын түсіндім», - дейді ол. 

Бұған қарамастан, Майк бір де бір рет жаман әдеттерінен бас тартпаған. Ол таңнан кешке дейін таңғы асқа бәліш, кейін бутерброд, дәмханаларға барып және тапсырыс беріп алғызып жеп отырған. Басқа уақыттың өзінде де тамақ жеп отыратын болған. 2018 жылдың басында оның денсаулығы нашарлап, ауруханаға түсіп қалады. 

«Мен мұны өзімнің бас пайдам үшін емес, жақындарым үшін жасадым», - деп түсіндірді Майк арықтау орталығына бару себебін.

Бір жыл бұрын Саммерс Slimming World ұйымы ұсынған арықтау бағдарламасына жазылған. Диета мен физикалық белсенділіктің арқасында ол 12 ай ішінде 76 килограмға арықтады. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.