{metadescription}
Қарағандыда кішкентайларға тиіскен педофил ұсталды

Қарағандыда кішкентайларға тиіскен педофил ұсталды

Қарағандылық полицейлер кішкентай балаларға азғындық әрекеттер жасамақ болды деген күдіктіні ұстады.

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 21 тамыз күні түс уақытында Киров полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз ер адам кішкентай балаларға қатысты азғындық әрекеттер жасамақ болғанын хабарлаған. 

«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Оның тұлғасы анықталды, ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. 

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.