{metadescription}
Алматыда троллейбус жанып кете жаздады

Алматыда троллейбус жанып кете жаздады

Алматыда қара түтінге оранған троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Абай және Жароков көшелерінің қиылысында болған. Троллейбус қоғамдық көлік жүретін жолда бұзылған. Троллейбус жүргізушісі, өртті сөндіруге ұмтылып жатыр. Қазір оқиғаның мән - жайы анықталуда.

«23 тамыз күні таңертең Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысында жаттығу троллейбусының төбесінен түтін шықты. Жүргізуші дереу әрекетке көшкен. Ол  нұсқауларға сәйкес, өрт сөндіргішпен өрттің алдын алды. Бұл жаттығу троллейбусы болып саналады. Ол нөлдік рейс жасады. Онда жолаушылар болған жоқ», - делінген «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің хабарламасында

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде