{metadescription}
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері мен дүйсенбіге ауа райы болжамын жариялады.

Қазгидромет синоптиктері 24-26 тамызға болжам жасады.

"Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен бірге циклон келіп, соның салдарынан республиканың батыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, аптап ыстықтың беті қайтады", - делінген болжамда.

Синоптиктердің айтуынша, батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы плюс 35-40°С-тан кейін, 20-30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады.

"Қазақстанның оңтүстік-шығысында кей жерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Демалыс күндері елдің қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, орталық пен шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25-35 градусқа дейін жоғарылайды", - деп хабарлайды синоптиктер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде