Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Дәрігерлер науқастың өтінен 2 мыңға жуық тасты алып шықты
Таиландтың Нонгкхай қаласында дәрігерлер науқастың өт қабығынан екі мыңға жуық тасты тапты.
16:25 23.08.2019
Аты аталмаған 60 жастағы әйел іштің ауыруы мен іш қату туралы шағымданып медициналық көмекке жүгінді. Мамандар тексеруденөткізіп, оның өт қабынан тастар тапты. Оларды алып тастағаннан кейін мөлшерді есептеп, науқастың денесінде 1898 тас болды деген қорытындыға келді. Әйелге ота жасалған аурухана директоры мұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын айтты.
«Өт тастары ағзада артық холестериннен туындауы мүмкін. Мұндайда тексеруден өту керек, өйткені тастар ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін», - деп атап өтті дәрігер.
Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, көбінесе артық салмақпен ауыратын адамдар және 40 жастан асқан әйелдердің өтінде тас болады.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram