{metadescription}
Ер адамның басында 30 жыл  құрт жүрген

Ер адамның басында 30 жыл құрт жүрген

Қытайда ер адам 30 жыл бойы басындағы он сантиметрлік құртпен жүрген.

Ер адамның басы 1989 жылдан бері ауырып жүрген. Осы кезде алғаш рет қояншық ауруы қозып, талмасы ұстаған. Карта ойнап отырып аяқ-қолы дірілдеп, аузынан көбік аққан. Кейін есінен танып құлап түскен. Содан бері денсаулығы әлі күнге дейін мазалап келеді. 

Ер адам дәрігерге қаралып, берген дәрілерді ішсе де, басының ауырғаны тоқтамағанын айтады. Мамандар оны осы жылдың шілде айында ғана МРТ-ге бағыттаған. Сол жерде оның басында құрт бары белгілі болады. 

Науқасқа ота жасалып, дәрігерлер басындағы паразитті алып тастады. Олардың айтуынша, ер адамның ағзасына құрт бұлақ суы арқылы кірген болуы мүмкін. 

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде