{metadescription}
Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери көз жұмды

Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери көз жұмды

Әскери қызметкер Алматы облысында тікұшақпен секіру кезінде қайтыс болды.

ҚР Қорғаныс министрлігі Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметшінің қаза болуына қатысты түсінік берді.

«22 тамызда Қапшағай қаласында әскери қызметшілер Ми-17 тікұшағынан парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Полковник С.С. Алдынғұров шамамен 200-250 метр биіктіктен секіру барысында қауіпсіздік техникасын бұзғандықтан негізгі парашюті ағытылып кеткен. Әскери қызметші қосалқы парашютті қолданған, бірақ биіктіктің жеткіліксіздігінен парашют ашылып үлгермеген. Соның салдарынан полковник Алдынғұров қаза тапты», - делінген министрліктің мәліметінде.

Ведомство ақпаратына сәйкес, парашюттен секіру жаттығулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізілген. «Беркут» парашют жүйесімен секірулер қарапайым ауа-райында 1200 метр биіктіктен жасалды. Бұл аймақта ауа райы ашық, көріну белгісі - 10 км, температура - 19 градусты көрсетті. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде