{metadescription}
Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Кәсіпкер, миллиардер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Дэвид Кох 79 жасында қайтыс болды.

Дэвид Кох 1940 жылы туған, аға-інілерімен бірге әкесінің Koch Industries фирмасында жұмыс істей бастады. Forbes ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың маусым айында оның 50 миллиард доллардан астам қаражаты болған. Ал Кох әлемдегі ең бай адамдар тізімінде он бірінші орында еді.

Bloomberg 2019 жылдың тамыз айында Чарльз бен Дэвид Кохтың байлығын 124,5 миллиард долларға жетеді деп бағалады. Өткен жылы Дэвид Кохден денсаулығының нашарлауына байланысты Koch Industries корпорациясын басқарудан кеткен болатын.

Миллиардер саяси өмірге белсенді қатысумен және қайырымдылықты жақсы көрумен танымал. Дэвид Кох өмір бойы қайырымдылыққа 1,3 миллиард доллардан астам қаражат бергені белгілі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.