{metadescription}
Көлікте отырған адам тірідей жанып кете жаздады

Көлікте отырған адам тірідей жанып кете жаздады

Ер адам шағын автобустың ішінде отырған кезде көлік күтпеген жерден өртене бастайды.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Өрт 20 тамызда Қытайдың Чунцине қаласында жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. Видеодан шағын автобустың астынан өрт шығып, көліктің жана бастағанын көруге болады. Жанұшыра айқайлаған жүргізуші терезеден шығып, аман қалады.

Өртті көрген жанармай құю бекетінің бірнеше қызметкері жалынды сөндіруге ұмтылады. Зардап шеккен адамның жағдайы туралы хабарланбайды.

Дереккөз: Sputnik

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде