{metadescription}
Қызылордада 2 жігіт перзентхана күзетшісін соққыға жықты

Қызылордада 2 жігіт перзентхана күзетшісін соққыға жықты

Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығында күзетшіге қол көтерген екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға 22 тамыз күні болған. Сол күні Байқоңыр қаласында тұратын 32 жастағы жігіт медициналық орталыққа танысымен келеді. Оларға медбике мен күзетші кіру уақыты аяқталғанын түсіндіреді. Ескертуге құлақ аспаған олар медбике мен күзетшіге дөрекі сөйлейді. Күзетшіге қол көтеріп, оны ұрып-соққан.

Қазір бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті адамдар ұсталды, сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде