{metadescription}
2019 жылы магистратураға түскен грант иелерінің тізімі жарияланды

2019 жылы магистратураға түскен грант иелерінің тізімі жарияланды

Магистратураға мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Бұл туралы Facebook желісінде Ұлттық тестілеу орталығы директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады. Нәтижелерді Ұлттық тестілеу орталығы сайтында немесе Konkurs_magistra_2019 telegram-боты арқылы тексеруге болады.

"Грантты компьютер бөледі, бірақ мұның маңызын түсіне отырып, әр тізімдемені қайта тексеріп шықтық, ал бұл – 12 000-нан астам жазба. Өйткені біздің орталық талапкерлердің құқығын бірінші орынға қояды", - деп жазды Дидар Смағұлов.

Ұлттық тестілеу орталығы өкілінің айтуынша, биыл 9 701 грант таратылды. Бірінші кезеңнен артылған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша үлестіріліпті. Ал 3 108 грант бюджетке қайтарылады.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде