{metadescription}
Ақтауда демалушылар суға батқан қызды құтқарды

Ақтауда демалушылар суға батқан қызды құтқарды

Каспий жағалауында демалып жүрген екі ер адам суға тұншыққан қызды аман алып қалды.

Оқиға 23 тамызда кешкі уақытта Ақтаудан сегіз шақырым жерде орналасқан демалыс базасының бірінде болған. Куәгерлердің сөзінше, суда шомылған кішкентай қыз ата-анасының назарынан тыс қалған. Оны өлімнен жақын маңайда демалып жатқан ер адамдар құтқарып қалды. Балаға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оның денсаулығына еш қауіп жоқ. 

"Бір ер адам есінен танып қалған қызды жағаға шығарды. Екіншісі бірінші медициналық көмекті көрсетті. Сосын жедел жәрдем келді. Негізі, барлығы қолдан келгенше көмектеуге тырысты", — деді куәгерлер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде