{metadescription}
Ақмолада балалар итті азаптап, қорлаған

Ақмолада балалар итті азаптап, қорлаған

Ақмолалық полицейлер Целиноград ауданы Талапкер ауылында төбетті азаптаған жасөспірімдерді анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында азапталған ит туралы видео тарап кеткен, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі. Видео авторының сөзіне сенсек, оқиға Целиноград ауданының Талапкер ауылында болған.

«Полиция департаменті видеоны зерделеп, сол күні-ақ кәмелетке толмағандардың жеке тұлғасын анықтады. Целиноград аудандық ювеналды полиция қызметкерлерінің айтуынша, 22 тамызда 12, 10 және 7 жасар 4 бала итті ағашқа байлап, азаптап қинаған. Бұл ит сол балалардың біреуіне тиесілі. Жасөспірімдердің қатігездікке толы іс-әрекетіне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны тосқауыл қойды», - деп мәлім етті ведомстводан.

Полицейлер жануарларды азаптау фактісі бойынша балалармен әңгімелесіп, түсіндірді. Құқық бұзушылар кәмелет жасына толмағандықтан олардың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

«Балалар бақуат отбасыда өсіп жатыр, олар полицияда есепте тұрған жоқ», - деп қосып өтті ведомстводан.

Қазіргі таңда Барс атты ит иесінің рұқсатымен Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа қожайынының қамқорлығына берілді.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде