{metadescription}
Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Зардап шеккен балалардың жасы 3-7 жас аралығында екені белгілі болды.

Дәрігерлер балалардың сүндеттелгеннен кейін денсаулыққа зиян келуін біліксіз мамандардың жасаған әрекетінен деп болжаған. Тіпті қарапайым хирург сүндетке отырғызса, қауіпті болуы мүмкін екен. Сондықтан, арнайы сүндетке отырғызатын маманға жүгінген жөн.

"Терінің тым қалың болуы, мүше ұшы терісінің тыртық болып бітуі сынды белгілі бір медициналық көрсеткіштер бар. Бұлар сирек кездеседі. Сондай-ақ, діни сүндеттеу әдісі бар. Заманауи технологиялар дамып отырған заманда ата-аналар балалар урологына немесе хирургына емес, кәсіби білімі жоқ мамандарға, тіпті, молдаларға қаралады!» – деп түсіндірді хирург, андролог, уролог Әділхан Тоқпанов.

Кейбір жағдайларда молда сүндетке отырғызғаннан кейін қан тоқтиамай, дәрігерлер тері пластикасын жасауға мәжбүр болып жатады. Тоқпановтың айтуынша сүндеттеуге селқос қарау түзеуге болмайтын жағдайға алып кетуі ықтимал.

"Олар анатомия мен балалар терісінің ерекшеліктерін, жыныс мүшесінің қаншалықты сау екенін ескере бермейді. Осының әсерінен мұның барлығы түзелмейтін жағдайға әкеліп соғады. Артынша зиян шеккен балаларға тері пластикасы жасалады. Кейбір аудандарда молдалар сүндеттеген соң, қан тоқтамай ауруханаға түсетіндер бар. Жуырда ғана осындай жағдайдан кейін екі сағат бойы ота жасадық», – деді Тоқпанов.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде