{metadescription}
Ковалев ұлыбританиялық боксшыны нокаутқа түсірді

Ковалев ұлыбританиялық боксшыны нокаутқа түсірді

Ресейлік Сергей Ковалев ұлыбританиялық Энтони Ярдты жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.

Олардың жекпе-жегі Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында бокс кешінің басты кездесуінде өтті. Ковалев өзінің туған қаласында бірінші алғаш рет жекпе-жек ұйымдастырды, жалпы ол Ресейде небәрі үш кездесу өткізген. Ярд болса спорттық мансабында алғаш рет өз елінің шекарасынан шықты. 

Жекпе-жек 11-ші раундта аяқталды. Ковалев күші сарпылған қарсыласын нокаутқа түсірді. Сегізінші раундта ұлыбританиялық боксшы сәл болмаған да ресейлікті есінен тандыруға аз қалған еді. Бірақ ол гонгқа дейін шыдап бақты, сосын басымдықты өз қолына алды. 

36 жастағы Ковалев үшін бұл 34-ші (29 нокаут) жеңіс, ол үш рет жеңілген және бір рет тең түскен. Ал 27 жастағы Ярд спорттық мансабында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін ол 18 кездесуде жеңімпаз болып, оның 17-н мерзімінен бұрын аяқтаған. Осы кездесу үшін Ковалев бес миллион доллар, ал ұлыбританиялық үш миллион доллар алады. 

Ковалев WBO белбеуін 2 ақпанда қайтарған еді. Ол колумбиялық Элейдер Альваресті реванш кезінде жеңді. 2013-2016 жылдары және 2017-2018 аралығында осы белбеу ресейліктің иелігінде болған. Айта кетейік, осы бокс кешінің андеркартында кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповты жеңді.

Дереккөз: Vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде