{metadescription}
Бойжеткен миллиондап жинаған ақшасын құмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен миллиондап жинаған ақшасын құмырсқалар жеп қойды

Индонезиядағы Оңтүстік Джакарта қаласының тұрғыны аққұмырсқалардың кесірінен он миллион рупийінен айырылды (шамамен 276 мың теңге).

Оның Twitter желісіндегі жазбасына The Jakarta Post газеті назар аударды.

"Мен ақшаны аққұмырсқалар жесін деп жинаған жоқпын. Масқара, — деп жазды 23 жастағы Путри Баддин. Ол желіге ақша қалдықтарының суретін жүктеген. — Егер ақшалар осылай қатты зақымдалған болса, оларды банкте айырбастауға бола ма? Айтып жіберіңіздерші", — деді бойжеткен.

Жазба мыңдаған ретвит және жүздеген пікір жинады. Бойжеткен ақшаны апасына беру үшін жинаған екен.

"Мен апама үш миллионға жуық рупий бердім, бірақ ол ақшаны алғысы келген жоқ, — деп түсіндірді Баддин журналистерге. — Сол кезде мен оны шкафқа салдым да, апама ақша керек болған жағдайда сол жерден алуға болатынын айттым". 

Сақтап қойған ақшаны жаратудың орнына апа үстінен тағы да ақша қосып, жинай берген. Сомма он миллион рупийге дейін жеткен.

"Мен бұл туралы білмедім. Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмытып кеттім", — деді Индонезия азаматшасы.

Ол апасы қайтыс болғанда шкафты ашып, аққұмырсқалар жеп қойған екі бума банкнот пакеттерін тапқан. 

Паразиттер 5,4 миллион рупийді қалдырып, қалғанына зақым келтірген. Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды. "Олар рупий 33 пайыздан аса зақымдалмаған болса, ауыстырып береді екен", — деді Баддин.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде