{metadescription}
Елдос Сметов әлем чемпионатында қола медаль алды

Елдос Сметов әлем чемпионатында қола медаль алды

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. 

Токиода (Жапония) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов 60 келіде қола медаль иеленді. Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде тағы бір қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаевты жеңді. Ал қосымша уақытта Сметов "иппон" әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. 60 келіде Токиодағы әлем чемпионатының алтынын грузиялық Лухуми Чхвимиани алды. Ол финалда Лутфуллаевты жеңді.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде