{metadescription}
БҚО-да 100-ден аса мал өртеніп кетті

БҚО-да 100-ден аса мал өртеніп кетті

Өрт 24 тамызда 3:10-да Жаңақала ауданындағы жеке шаруашылықта аумағында болған. 

БҚО ТЖД зілзала қауіптерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Түрегелдиевтің айтуынша, өрт салдарынан 100-ден аса қой ешкі малы және сегіз ірі қара өлген.  Сондай-ақ, 162 тонна шөп өртенген. Өрт аумағы - 2450 шаршы метр. Нақты сандар анықталып жатыр. 

Өрт қасақана жасалған деген болжам бар. Материалдық шығын мен кінәлілер іздестіріліп жатыр. Оқиға орнында төрт өрт сөндіруші мен бір арнайы техника жұмыс істеді. Өрттің таңғы 09:00-де сөндірілген. Бәйтерек ауданындағы Достық ауылдық округында тағы бір өрт шықты. ЖШС аумағында 200 тонна шөп өртенді. 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде