{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, 7 адам ажал құшты
Жексенбіде Испанияның Мальорка аралында шағын ұшақ пен тікұшақ соқтығысты.
08:46 26.08.2019
«Инка муниципалитетінде жергілікті уақытпен күндізгі сағат 13:35-те тікұшақ және жеңіл ұшақтың қатысуымен әуе апаты орын алды», - деп жазды өңірлік үкімет Twitter парақшасында.
El Periódico газетінің хабарлауынша, апат салдарынан жеті адам қаза тапқан. Оның ішінде екі бала бар. Оқиғаның себеп-салдары әлі айтылған жоқ. Тәртіп сақшылары апат бойынша тергеуді бастап кетті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram