{metadescription}
Маңғыстауда жүк көлігі өртеніп кетті

Маңғыстауда жүк көлігі өртеніп кетті

Оқыс оқиға Маңғыстау облысының Шетпе кентінде болған.

24 тамыз күні Маңғыстау облысы Шетпе ауылында автожолда жүк көлігі өртенді. Полиция берген ақпаратқа сәйкес, өрттің тұтануына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған.

Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Машинаның кабинасы толықтай жанып кеткен, ал тіркемесіне зақым келмеген. Алапат өрттің видеосы желіге тарады. Оқиға орнында Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді. 

Айта ктейік, 25 тамызда Испанияның Мальорка аралында шағын ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, 7 адам қаза тапқан болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде