{metadescription}
Итке шалынып құлаған әйел аяғынан айырылды

Итке шалынып құлаған әйел аяғынан айырылды

АҚШ-тың Райс-Лейк қаласы тұрғыны инфекция жұқтырып оң аяғы, саусақтары мен башпайларынан айырылды.

2015 жылы маусым айында 37 жастағы Алиша Кеннен итке шалынып құлап, оң иығын сырып алады. Бірнеше күннен соң қолтығы қатты ауырып, дәрігерге қаралған. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, іштен қан кете бастайды. Әйелге тез арада қан құйып, гемодиализ (қан тазарту) жасау керек болады.

Белгілі болғандай, әйелдің ұлдары стрептококктар тудыратын баспа жұқпалы аурумен ауырған. Ол анасының қанына еніп, жұқпалы токсикалық шокқа алып келді.

Аяқтарға қан жеткіліксіз болғандықтан, тіндер өле бастады, гангрена басталды. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін Кеннен саусақтарын жартылай кестірді. Төрт айдан кейін инфекция қайта оралды. Бұл жолы Кеннен саусақтарынан айырылды. Соңғы рецидив 2019 жылдың маусымында болды. Әйел оң аяғынан тізеге дейін ампутацияланды.

Кенненнің емдеп жазылуы үшін 100 мың доллар (38 миллион 600 мың теңге) қажет. Қаражаты жетпеген ол Facebook және Gofundme краудфандинг сервисі арқылы халықтан көмек сұрады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде