{metadescription}
Биік үйдің балконында отырған балалар жұртты шошытты

Биік үйдің балконында отырған балалар жұртты шошытты

Әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірімнің балкондағы суреті тарап кетті.

Балалар Алматы қаласы Бостандық ауданы "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің балконында отырған.  Сурет Instagram желісіндегі kris.p.almaty парақшасында жарияланған. Фотодан оныншы қабаттағы балконнан екі қыздың аяғын салбыратып отырғанын көруге болады.

«Күзетшіледің айтуынша, балалармен сөйлескен. Күзет қызметі бұған қатысты әңгімелесу болғанын айтты. 10 қабат, кейін 16 қабатқа ауысқан. Мұндайды көргеннен төбе шашың тік тұрады», - деп жазған суреттің авторы. 

Алматы полициясы өкілдерінің айтуынша, бұл суреттер әлеуметтік желіде тарағанымен, 102 пультіне ешқандай дабыл түспеген.

«Қазіргі уақытта аудандық ювеналды полиция  қызметкерлері сол ауданда жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың  ата-аналарын анықталуда. Оларға балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілердің алдын алу бойынша профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, мұндай фактілерге жол берілмеуі керек», -  дейді полиция.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде