{metadescription}
«Алматым – іңкәрім менің»: Шаттық нұрын сепкен, бақыт гүлін еккен концертке асығыңыз

«Алматым – іңкәрім менің»: Шаттық нұрын сепкен, бақыт гүлін еккен концертке асығыңыз

7-ші қыркүйекте жастық шақты еске түсіретін, сағынышымызды басатын – «Алматым – іңкәрім менің» ретро-фестивалі құшағын ашпақ. 

Еліміздегі ең мейірлі ән кеші – «Алматым – іңкәрім менің» ретро-фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды. 7 қыркүйекте сіз үшін Қазақстан эстрадасының ең жарқын жұлдыздары өнер көрсетеді:

Қайрат Нұртас, Әлішер Кәрімов, Жанна Орынбасарова, Тамара Асар, Нағима Есқалиева, Арман Қоңыр, Аша Матай, Толқын Забирова, Асхат Тарғын, Айгүл Иманбаева, Нұрлан Еспанов, Рүстем Нұржігіт, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота Сейтмағамбет, Парвиз Назаров, Серікбол Сайлаубек, сондай-ақ Жетіген, Дос-Мұқасан, 101, Яшлық, Нұрлан мен Мұрат және басқалар. Отандық әншілермен қатар, Лайма Вайкуле, Валерий Сюткин, Наташа Королева сынды ресейлік әртістер ән шырқайды. 

Әдемі кеш Шабыт жазғы театрының сахнасында өтеді. Сонымен, сенбінің сергек кешінде Шабыт жазғы театрының сахнасында 70-80-90-ыншы жылдардың ең белгілі, топты жарған хит әндер орындалады.

Ертерек қамданып, амфитеатрдың ең жайлы орындарын сатып алуға үлгеріңіз. Орын схемасы және билеттерін мына жерден қарай аласыз ticketon.kz.

Ұйымдастырушылар: «Дегдар» қайырымдылық қоры, Алматы қаласының әкімдігі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.