{metadescription}
БҚО-да 2 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

БҚО-да 2 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында қос жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты.

Оқиға 25 тамыз күні Орал-Ақтөбе жолы бойында Теректі ауданы Жаңаөмір ауылы тұсында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 11.20-да шақырылды.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. 1938 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. 2007 жылғы бала жарақат алмаған, оның тізесі көгерген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық бақылауға жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде