{metadescription}
Алматыда көлік бірнеше адамды басып кетті

Алматыда көлік бірнеше адамды басып кетті

Әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы жарияланды.

Видеода бір топ жігіттердің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. Ақ түсті автокөліктің жүргізушісі ерегескендердің біреуін қағып кете жаздайды. Ал қара түсті көліктің жүргізушісі қасақана үш адамды қағады.  Сондай-ақ, жігіттердің бірі қолына автокөлік нөмірін ұстаған. Онда Алматы өңірінің 02 жазу бары анық байқалады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Алматыда таңғы төрт шамасында болған. Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«ҚР ҚК үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Бостандық аудандық полиция бөлімінде территориялық жағынан, сондай-ақ ПД тергеу бөлімінде тергелуде. Күдіктілер анықталды, қазір оларды ұстауға және көлікті тәркілеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде»,-деді полцияның баспасөз қызметі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде