{metadescription}
Сақал қойғандарға қарсы рейд өткізіп, сақалдарын қырып тастады

Сақал қойғандарға қарсы рейд өткізіп, сақалдарын қырып тастады

23 тамызда Ташкенттің электроника сататын «Малика» («Флешка») ең ірі базарында құқық қорғау органдары рейд жүргізіп, ондаған ер азаматты милиция бөлімшесіне алып кеткен.

Онда олардың сақалдарын қырып, босатқан. «Малика» базарында сауда жасайтын кәсіпкер рейд кезінде өзін ұстап әкеткенін хабарлады.

«Рейд түстен кейін басталды. Азаматтық формадағы милиция қызметкерлері сақалды ер азаматтарды ұстай бастады. Арасында мен де болдым. Бізді ішкі істер басқармасының 4-бөлімшесіне алып барды. Ол жерде сақалымызды алуға мәжбүрледі. Егер бас тартсақ, түрмеге отырғызамыз деп қорқытты. Келіскендердің сақалын қырып, жіберді, бас тартқандарды алып қалды», - дейді кәсіпкер.

Ташкент базарында рейд өткені жөнінде Жамолиддин Мухаммад есімді Facebook қолданушысы да жазыпты.

«Малика базарынан шыққанда, милиция қызметкерлері мені тоқтатып, бөлімшеге алып кетті. Ол жақта ұзын-сонар кезек. Мен мәселе сақалда екенін түсіндім. Ұсталғандардың бәрін суретке түсіріп жатты. Кейін жеке кабинетте сөйлесіп, сақалымды алу керектігін айтты. Мен сақал қоюға тыйым салатын заңды көрсетіңіз, сол кезде мен талаптарға бағынамын дедім. Бірақ маған ешқандай құжат көрсетпеді», - деп жазады Жамолиддин Мухаммад.

Жамолиддин Мухаммад секілді сақалын мәжбүрлеп қырғызған азаматтар Ташкенттің ішкі істер басқармасынан рейд жайында ресми түсініктеме беруді талап етіп жатыр. Өзбекстанның мұсылмандар діни басқармасы құқық қорғау органдарының әрекетімен келіспейтінін жеткізді.

«Сақал қою әрбір мұсылман үшін сүннет. Сақал үшін азаматтарды қуғындау заңға қайшы», - деп мәлімдеді мекеме өкілі.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.