{metadescription}
Маса шағып алған әйелдің жүрегі тоқтап қалды

Маса шағып алған әйелдің жүрегі тоқтап қалды

Англияның Дагенхам қаласында маса шағып алған әйелдің жүрегі үш минутқа тоқтап қалды.

25 жастағы Ким Робинсонның айтуынша, маса шағып алғаннан кейін оң аяғының тобығы қатты ауырыпты.

"Шаққан жері қышып, ертесінде ісіп кетті. Бірақ мән берген жоқпын. Антибиотик ішсем, басылып кетер деп ойладым", - дейді ол.

Күн өткен сайын аяғы ісіп, көп ұзамай Робинсон жүре алмайтын хәлге жеткен.

"Үнемі есімнен танып қалатынмын", - дейді ол.

Сол кезде әйел адам дәрігерге қаралып, некротикалық фасциитке шалдыққаны анықталды. Ақ халаттылар әйелге тез арада ота жасау керек, әйтпесе аяғынан айырылуы мүмкін екенін айтыпты. Ота кезінде науқастың өкпесіне зақым келіп, жүрегі тоқтап қалады. Дәрігерлер оны бес күнге комаға түсіруге мәжбүр болған.

"Оянғанымда, комада болғанымды түсінбедім. Бұрынғы жігітім қай күн екенін айтқанда, шошып кеттім", - дейді әйел.

Робинсон емделу барысында сөйлеуді, жүруді қайта үйренеді. Ол бес апта ауруханада болып, кейін аяғының терісін ауыстыру үшін басқа медициналық мекемеге жатады.

"Барлығы түкке тұрғысыз маса шаққаннан басталғаны сұмдық. Дәрігерлерге бірден қаралмағаныма өкінемін. Қазір балаларым қолдарына шыбын-шіркейге қарсы пластырь тағып жүреді", - дейді әйел.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде