{metadescription}
Жас жұбайлар некелескен күні жол апатынан қаза тапты

Жас жұбайлар некелескен күні жол апатынан қаза тапты

Техаста жас жұбайлар некелескеннен кейін бірнеше минуттан соң, жол апатынан көз жұмды.

Жас жұбайлар неке сарайынан шыққаннан кейін көп ұзамай жол апатына ұшыраған. Олар отырған көлікке пикап жүк көлігі соғылды. Көлік жолдан тайып, жыраға құлаған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды. Пикап жүргізушісі зардап шеккен жоқ. 19 жастағы күйеу жігіт пен 20 жастағы қалыңдық мектеп кезінен бері кездесіп жүрген. Қос ғашық желтоқсан айында үйлену тойын дүркіретіп атап өтуді армандапты.

Апат олардың соңынан көлікпен келе жатқан күйеу жігіттің анасының көз алдында болған.

"Бар қалауы – үйленіп, жаңа өмір бастау еді. Жоспарлары өте көп болатын", - дейді күйеу жігіттің анасы.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде