{metadescription}
Дәмханада атыс болып, 26 адам ажал құшты

Дәмханада атыс болып, 26 адам ажал құшты

Мексиканың Веракрус штатында сейсенбі күні түнде дәмханаға жасалған шабуыл салдарынан 26 адам қаза тауып, 13-і зардап шекті. 

Кейбірінің денесінің 90% дейін күйік шалған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жергілікті уақытпен 22:00-де шабуыл жасалған. 5-6 қарулы адам Коацакоалькос қаласының орталығындағы барға кіріп, адамдарға ата бастаған.

Кейін қаскүнемдер ғимаратқа ішінде жанатын сұйықтығы бар бөтелкелерді лақтырған. Одан кейін барлық эвакуациялық есіктерді жауып, ішінде адамдарды қалдырып кеткен. 16 ер және 9 әйел адам ажал құшты. Қыздар ойын-сауық мекемесінде биші болған. Веракрус штатының губернаторы Кутлауак Гарсияның мәліметінше, бардың иесін сенбі күні ұрлап кетіп, басын шауып тастаған.

Губернатор қылмыстық банданың аталмыш мекемеде есірткі сатпақшы болғанын хабарлады. Осы жылдың сәуірінде көрші Минатитлан қаласында дәмханаға жасалған осындай шабуылдан 13 адам қаза тапқан еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде