{metadescription}
Алматыда бойжеткенге бейтаныс адам шабуыл жасаған

Алматыда бойжеткенге бейтаныс адам шабуыл жасаған

Кейін әлгі ер адамның «Тұран» университетінде сабақ беретіні белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайын зиян шеккен бойжеткеннің құрбысы өзінің Instagram парақшасында жазды. Айтуынша, бойжеткен 28 тамыз күні түскі асқа барып, кейін Сәтпаев көшесінен өтіп бара жатқан. Кенет қарама-қарсы жақтан ер адам жүгіріп келіп, аяғынан теуіп жіберді. Осы соққыдан кейін алматылық бойжеткен екібетімен асфальтке құлайды. Белгісіз адам оқиға болған жерден қашып кеткен. 

Сондай-ақ, құрбысы осы жағдайдан кейін бойжеткеннің аяғы шығып, бір тісінің түсіп қалғанын айтады. Гаджеттеріне де зақым келген. 

«Бетінен қаны ағып тұрды. Киімі де қанға малынды», - деп жазылған жазбада. 

Куәгерлер ер адамды қуып жетіп, қыз баланың жанына алып келген. Ол бірде бұл жағдайға қатысы жоғын айтса, енді бірде кешірім сұраған. Зиян шеккен адамның айтуынша, оған «Тұран» университетінің ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазы шабуыл жасаған. 

Деректер бойынша, осы жағдайдан кейін ер адам жұмыстан шеттетілген. Болған оқиға туралы мекеме ғимаратындағылар әлеуметтік желіден білген. 

Дереккөз: stan.kz

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.