{metadescription}
Қазақстанда зейнетақы жинағынан кімдер ақша ала алады?

Қазақстанда зейнетақы жинағынан кімдер ақша ала алады?

Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін вице-премьер Бердібек Сапарбаев айтты.

«Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізуде. Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасына қараймыз.  Бірінші кезекте тұрғын үй, білім беру және медициналық қызметтерді сатып алуға қаражаттың жұмсалуын қарастырамыз», - деді Бердібек Сапарбаев.

Сапарбаев БЖЗҚ-дағы ақшаның бір бөлігін ғана алуға болатынын атап өтті. Ол ең бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін. Айтуынша, үкімет бұл мәселені ұлттық банкпен пысықтайды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пайдалануға беру мәселесін пысықтауды тапсырған еді. Президент зейнетақы жинағын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болатынын айтты.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.