{metadescription}
Күйеуінің қорылдағанынан әйелі өліп қала жаздады

Күйеуінің қорылдағанынан әйелі өліп қала жаздады

Мәскеуде 59 жастағы бразилиялық турист ұйықтататын дәріден уланып жансақтау бөліміне түсті.

Күйеуінің айтуынша, аталған дәріні үнемі қабылдаған. Таяуда ерлі-зайыпты мәскеулік мейрамханаларда демалып, ішімдік ішкен. Артынша қонақ үйге қайтып келгеннен кейін әйел күйеуінің қорылын естімеу үшін ұйықтататын дәрі ішкен. Біраз уақыттан кейін ол өзін нашар сезініп, бірден қалалық ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне жеткізіледі. 

Дәрігерлер оның дәрі-дәрмектен қатты уланғанын айтып отыр. Қазіргі уақытта шетелдік азаматшаның ауруханаға түсуіне байланысты тексеріс жүргізілуде.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде