{metadescription}
Жүктімін деп ойлаған: Әйел үш айдан кейін қатерлі дертпен ауыратынын білді

Жүктімін деп ойлаған: Әйел үш айдан кейін қатерлі дертпен ауыратынын білді

Англияның Дарен қаласының 23 жастағы тұрғыны Грейс Бейкер-Падден 3 рет жүктілік тестін жасап, гинекологқа қаралып, жүкті екеніне көзі жеткен.

Алайда арада 3 ай өткеннен кейін оның жағдайы нашарлап кетеді. Сол кезде әйелдің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болыпты.

Грейс жүктіліктің алғашқы белгілерін байқаған бойда-ақ бірнеше тест жасап, аяғы ауыр екені расталған. Десе де ол жүктілікке қарсы дәрі қабылдап жүргендіктен, қалайша бала көтеріп қалғанына қайран қалады. Артынша ол гинекологқа жүгініп, өз кезегінде дәрігер оның жүкті екенін ресми түрде растапты. 

Грейс пен күйеуі Джо бұл жаңалыққа қатты қуанып, туыстарына қуанышты хабарды жеткізеді. Тіпті, сәбидің есімін таңдауға да кірісіп кеткен. Алайда үш айдан кейін әйелдің жүрегі одан сайын қатты айнып, артынша қан құса бастаған. Осы кезде Грейс бірден дәрігерге жүгініпті. 

Грейс УДЗ-ға түскенде, мамандар әйелдің жүкті емес екенін, қатерлі ісік барын анықтап, бірден отаға жіберіпті.

«Мен бақыттан басым айналып, сәби күтіп жүрген едім. Алайда бір-ақ күнде бәрі өзгеріп, қуанышым су сепкендей басылып, өз өмірім үшін қорықтым. Бұл нағыз сұмдық еді. Бәрін білген бойда бір-ақ нәрсені түсіндім: мен бұл ісіктен арылғым келеді», - дейді Грейс Бейкер-Падден.

Әйел отадан кейін денсаулығын қалпына келтіру үшін химио және гормонотерапия курстарынан өткен. Дәрігерлер Грейске мұндай жағдай сирек кездеспейтінін, трофобластикалық ауру немесе желбуаз қағанақ тығыны деп аталатынын айтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.