{metadescription}
Бір-біріне қатысы жоқ аумайтын жігіттер тойдағы жұртшылықты таңғалдырды

Бір-біріне қатысы жоқ аумайтын жігіттер тойдағы жұртшылықты таңғалдырды

Йозоф – күйеу жігіттің бала күнгі досы, ал оның сыңары – жас жұбайдың әріптесі.

Малайзияның Селангор штатында 29 жастағы Эзли Йозоф күтпеген жерден өзінен аумайтын сыңарын кездестірді. Барлығы суретке түсіп жатқан кезде Йозофтың досы Амир Зульфадли Зулькифли екі ер адамның бір-біріне қатты ұқсайтынын байқап қалады. Олардың дене бітімі ғана емес, сол күні тойға киіп келген киімдері де ұқсайтын болып шығады: қызыл поло, әйнегі қара көзілдірік және екеуі де таз.

Зулкифли түсірген видеодан Йозоф пен оның сыңарының бір-бірін байқап, күліп жіберген сәтін көруге болады. Олар бұл кездесуге қатты таңғалғанын жасырмады. Сондай-ақ, тағы бір кездесу өткізіп, бірге суретке түсуге уәделесті. Йозоф – күйеу жігіттің бала күнгі досы, ал оның сыңары – жас жұбайдың әріптесі.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде