{metadescription}
Ғалым ғаламшарды құтқару үшін адам мәйітін жеуге кеңес берді

Ғалым ғаламшарды құтқару үшін адам мәйітін жеуге кеңес берді

Адам мәйітінің етін тағамдық мақсатта қолдану ғаламшарды климаттық өзгерістерден құтқаруға көмектесер еді.

Ол үшін халықаралық қоғамдастық осы идеяға назар аударуы керек. Стокгольм экономика мектебінің профессоры Магнус Содерлунд Швеция астанасында өткен Gastro ғылыми симпозиумында осылай деді.

Аталған шарада каннибализм болашақта азық-түлік тұрақтылығы мәселесінің шешімі бола ал ма деген сауал талқыланды. Ғалымның сөзінше, адамдар мұндай жаңа ас түрінің дәмін татып көрсе, уақыт өте келе каннибализмге қарсы «кертартпа» тыйым өзгеруі мүмкін. 

«Адам етін жеп көре алар ма едіңіз?» деген сұраққа жауап берген Содерлунд бұл идеяға ашық екенін айтты.

«Аздаған тартыншақтықты сезінемін. Алайда шектен тыс кертартпа пікірде емеспін... Мен, тым болмағанда, оның дәмін татып көруге дайын болар едім», - дейді ғалым. 

Сонымен қатар швециялық ғалым балама ретінде «анағұрлым орындалуы мүмкін» нұсқаларды ұсынды, деп жазады stan.kz. Мысалы, үй жануарларын немесе жәндіктерді жеу. Басылымда аталғандай, профессордың ойын жүзеге асыруға каннибализмнің адам денсаулығына төндіретін қаупі кедергі болуы мүмкін. Мысалы, Папуа-Жаңа Гвинеядағы аборигендер 1960 жылдарға дейін адам мәйітін жеп келген. Соның салдарынан куру немесе «күлетін өлім» ретінде белгілі ауру індеті тараған.

АҚШ-тың Ұлттық медициналық кітапханасының мәліметі бойынша, аталған дерт инфекциялық агент, яғни адамның бас миының зақымдалған тініндегі ақуыздың салдарынан туындайды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.