{metadescription}
Формула-1 жарыстарының чемпионы Михаэль Шумахер 6 жыл комадан кейін есін жиды

Формула-1 жарыстарының чемпионы Михаэль Шумахер 6 жыл комадан кейін есін жиды

«Формула-1» жарыстарының 7 дүркін чемпионы Михаэль Шумахер 6 жыл комадан кейін есін жиды.

Таяуда ол Швейцариядан Париждегі Жорж Помпиду атындағы еуропалық госпиатльге ауыстырылған еді. Қазіргі уақытта Шумахер жүрек-қан тамырлар хирургиясы бөлімінде жатыр.  

«Оның есін білетінін айта аламын», - дейді басылымға сұхбат беруші.

Басылым мәліметінше, ауруханада танымал адамның жатқаны күзетшілер қойылғанынан білінеді. Басылымда атап өтілгендей, Шумахерді бағаналық жасушаларды қолдану арқылы емдемек. Ол клиникаға 9 қыркүйекте құпия жағдайда жеткізілген. Чемпионның отбасы 2013 жылы орын алған қайғылы жағдайдан кейін оның денсаулығына қатысты пікір білдірер емес. 

Еске сала кетсек, 2013 жылдың желтоқсан айында Михаэль Шумахер Альпі тауларындағы тау-шаңғы курортында оқыс оқиғаның құрбаны болған еді. Ол шаңғы теуіп жүріп бас сүйек-мидың ауыр жарақатын алған. БАҚ мәліметінше, оның жағдайы өткен жылы ғана жақсара бастаған. Тараған ақпараттарда Шумахердің өкпені жасанды тыныстандыру аппаратын қажетсінбейтіні және төсекке таңылмағаны жазылған.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде