{metadescription}
Даулы жарнама: Қазақстандық журналға кешірім сұрауға тура келді

Даулы жарнама: Қазақстандық журналға кешірім сұрауға тура келді

Қазақстандық журналға кешірім сұрауға тура келген.

Қазақстандық «Buro 24/7» журналы зорлық-зомбылық құрбанын бейнелейтін әйел модельдерді көрестіп, жарнама жасағаннан кейін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Журналда қанға малынған пышақтың жанында қимылсыз жатқан, су құбырына байланған қара көйлекті қыз бейнеленген. Оған қоса, сот-медициналық сарапатамасына аяқ киімін пакетке салып жатқанда төсекте қиымылсыз жатқан келіншектің де суреті бар. 

Сейсенбі күні олар журналдан суреттерді алып тастап, кешірім сұраған болатын. Бір қызығы фейзбук және твиттер парақшасында кешірім сұраған жазба жарияланбаған. Оған қоса жазбалар әлі өшірілмеген. 

"Біз материалдың дұрыс емес екенін түсінеміз және одан жаман әсер алғандарыңыз үшін кешірім сұраймыз", - деп жазды журнал instagram парақшасында. 

Ал жарнамада қолданылған H&M киім бренді бұған ешқандай қатысымыз жоқ деп ақталып отыр. Олар тек түсірілім жұмыстарын ғана қаржыландыратынын айтып, зорлық-зомбылыққа араласпайтынын, хабарлары жоқ екенін жеткізген. 

"H&M зорлық-зомбылыққа қарсы екенін атап өткен жөн", - дейді H&M брендінің өкілі Артур Касимов Thomson Reuters қорына жолдаған электронды хатында.

БҰҰ-ның 2018 жылғы зерттеуіне сәйкес, шамамен қазақстандық әйелдердің бестен бірі өмірінде кемінде бір рет зорлық-зомбылықтан зардап шеккенін айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропадағы H&M киім сатушысы ірі жанжалдың ортасында қалған. Мұның бәрі 5 қыркүйекте басылымның сайтында жарияланған келесі топтаманың жарнамасына байланысты болды. Қазақстандық фотографтар өткен ғасырдың 70-жылдарындағы Американы жарнамалық фотосессияда еске түсіруді ұйғарып, зорлық-зомбылық құрбандарының үлгілерін жасады. Қылмыстық хрониканың суреттеріне ұқсас соңғы кадрларда жаңа аяқ киім, шалбар мен юбкалар көрсетілді. 

H&M Studio премиум киім үлгілісін көрсеткен сәнгерлер зорлық-зомбылық құрбандары мен өлімді бейнелеген. Қыздардың бірі қолы байланып жерде жатса, енді бірі жуынатын бөлмедегі батареяға байланып, қанның маңында жатқан. Суреттер "Номер 401" деген атауға ие болды. 

"Жетпісінші жылдардағы тренд барлық жерде бар. Сән әлемінде, кинода, ішінара музыкада және поп-мәдениеттің басқа салаларында байқауға болады. H&M Studio жаңа коллекциясы осы уақыттың стилімен байланысты. Мысалы, кең шалбарлар, абстрактілі принттер, қатпарлы юбкалар», - деп жазды олар. 

Алайда қазір мақала алынып тасталған. Оның сипаттамасында Америкада өткен ғасырдың 70-ші жылдарында орын алған сериялы қылмыстар туралы айтылған. Басылым тіпті осы уақыт аралығында АҚШ-та қылмыс жасаған бірнеше сериялық өлтірушілердің аттарын атады.

Түсірілім авторлары мен қатысушылары жарнамалық фотосессия идеясын түсіндіруге қаншалықты тырысқанымен, ол сатып алушылардың бәріне бірдей ұнаған жоқ. Пайдаланушылардың көпшілігі қорқып кеткен.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.