{metadescription}
Бір күн бұрын гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті

Бір күн бұрын гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті

Ташкентте белгісіз біреулер 25 жастағы Шокир Шавкатовты өлтіріп кетті.

Бұдан бір күн бұрын ол әлеуметтік желідегі парақшасында гей екенін айтқан. Полиция күдіктілерді қамауға алғаны белігіл  болды. Оқиға 12 қыркүйек күні орын алған. Жігіт ЛГБТ клубында танымал болған. Ол жерден Шокирді 40 жас шамасындағы екі ер адам алып кетіп, пәтерге апарған.

Алдымен қатты соққыға жығып, артынша жігітті өлтіріп тастағаны туралы  марқұмның досы айтып берді. Шокир Шавкатовтың денесінде пышақ жарақаттары болған. Екі күн бұрын полиция клубқа баса көктеп кіріп, оншақты гейді құрықтаған.

Ал Шокирді шығарып алған 40 жастағы екі ер азамат өздерін полицейміз деп таныстырған көрінеді. Марқұмның досының пікірінше бұл оқиға жігіттің жыныстық көзқарасына байланысты болған. Тәжікстан мен Өзбекстан гомосексуализім қылмыстық жаса болып есептелетін посткеңестік мемлекет болып табылады.

2018 жылдың мамырында Өзбекстан ЛГБТ қауымдастығына қатысты БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі 11 ұсынысын қабылдамады. Өзбекстанның адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов өзбек билігінің шешіміне түсінік бере отырып, қабылданбаған ұсыныстар республиканың Қылмыстық кодексінің 120-бабына қайшы екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.