{metadescription}
Колледж студенттерін көлігімен қаққан ақтөбелікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Колледж студенттерін көлігімен қаққан ақтөбелікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде көлігімен бір топ адамды қаққан жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 жастағы жігіт кәмелет жасқа толмаған бір топ жасты қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Нәтижесінде Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері мен мектепалды даярлық тобының оқушысы ауруханаға түсті.

«Қылмыстық кодекстің 345- бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Яғни, заң бұзған азамат »Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу« бабы бойынша жауап береді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жүргізуші қамауға алынған жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.