{metadescription}
Оралда екі көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

Оралда екі көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

«Ауди-100» автокөлігінің салоны мен мотор бөлігі отқа оранды. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 18.56-да Зачаган кентінде болды. Орал-Саратов жолы бойында «Ауди-100» мен «Nissan X-trail» автокөліктері соқтығысқан. 

Соның салдарынан «Ауди-100» автокөлігінің салоны мен мотор бөлігі отқа оранды. Оқиға орнына 6 адам, 1 техника барып, өрт сағат 19.19-да сөндірілді.  Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде