{metadescription}
Алдағы күндері +35°C дейін ыстық болады

Алдағы күндері +35°C дейін ыстық болады

Синоптиктер 17-19 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжам жасады.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25…30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбыр жаууына қарамастан, жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20…28°С дейін жоғарылайды", - делінген хабарламада. 

Тек батыс облыстарында Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронт ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде