{metadescription}
Алматыда жеңіл көлік екі қызды қағып өлтірді

Алматыда жеңіл көлік екі қызды қағып өлтірді

Алматыда Mercedes автокөлігі бар жылдамдығымен жолдардың қиылысынан өтіп бара жатқаны екі қызды қағып кетті.

Оқиға Мақатаев көшесімен Абылай хан даңғылының бойында болған. Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты жылдамдықпен қозғалған. Жүргізуші бағдаршамның сары түсіне үлгермекші болып, зулаған. Сол сәтте 2000 жылы туған екі қыз жолдан өтіп бара жатқан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермеген. Екі қызда жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қаза тапты. 

Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «Merсedes» маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші қазір қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде