{metadescription}
Дәрігерлер етті көп жеу ішек рагын тудыратынын айтты

Дәрігерлер етті көп жеу ішек рагын тудыратынын айтты

Австралиялық мамандар ішек үшін сиыр, бұзау, қой, шошқа еті аса қауіпті екенін айтып отыр.

Австралиялық ғалымдар ішек рагының алдын алудың ең оңай жолдарын атады. Мамандардың айтуынша, ішектің қатерлі ісігінің пайда болу жағдайының 35 проценті адамның өмір салтымен тығыз байланысты. Әсіресе, қалай тамақтанатыны маңызды. Дәрігерлер жасұнығы көп диетаны ұстану керек екенін айтады.

Ересектерге күніне кем дегенде 30 грамм жеу керек. Жасұнық кебекте көп болады. Дәрігерлер оны йогурт, смузилерге қосуға кеңес беріп отыр. Сондай-ақ, күн сайын сүт өнімдері мен кофе ішкен де пайдалы. Майлы балықта болатын омега-3 май қышқылының пайдасы да дәлелденді.

Ғалымдар етті өте аз жеу керек екенін ескертіп отыр. Ішек үшін, әсіресе,  сиыр, бұзау, қой, шошқа еті аса қауіпті. Оларды көп мөлшерде жеу ішек рагын тудыруы мүмкін. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде