{metadescription}
БҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

Оқиға кеше шамамен сағат 12.30-да Ақжайық ауданы Тайпақ ауылынан 10 шақырым жерде, «Орал-Атырау» автожолы бойында болды.

Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті. Соның ішінде 1983, 1985 және 1999 жылы туған ер адамдар, сондай-ақ 1971 және 1976 жылғы әйел адамдар алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.

«1968 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деді басқармадан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қос автокөлік соқтысығып, оның бірі өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде