{metadescription}
Шымкентте автобус аударылып, 13 адам зардап шекті

Шымкентте автобус аударылып, 13 адам зардап шекті

Шымкентте жолаушылар мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысты.

Жол апаты 16 қыркүйек күні таңғы сағат 8 шамасында болды. Бәйтерекова көшесі мен Астана даңғылының қиылысында автобус пен иномарка соғылды. №40-шы автобус жеңіл көлікпен соғысып, аударылып қалған.

Оқыс жағдайдан 13-адам зардап шеккен. Олардың үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізуде. Жол апатынан бір әйел көз жұмды. Ол кондуктор болып жұмыс істеген. Әзірге қайғылы оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. 

Еске салайық, Елордада теміржолды қиып өтіп бара жатқан №53 бағдардағы автобус пен тепловоз соқтығысты.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде